Италияның әскери тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмды

179

Тағы 11 адам жарақат алған.

Италияның әскери тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмды Фото: reuters

Босния және Герцеговинада Еуропалық одақтың (EUFOR) миссиясы құрамында қызмет еткен төрт Италия азаматы әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Al Jazeera басылымының мәліметінше, оқиға бейсенбі күні елдің солтүстігіндегі Брчко қаласы маңында болған. CH-47 Chinook әскери тікұшағы жоспарлы оқу-жаттығу кезінде құлаған.

EUFOR миссиясының мәліметінше, апаттан зардап шеккен 11 адам медициналық көмек алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланған.

Белгілі болғандай, тікұшақ бортында болғандардың барлығы Италия азаматтары.

Италия Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың екеуі әскери қызметші, ал екеуі Қызыл Крест ұйымының еріктілері екенін айтты. Сондай-ақ, министр қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, бұл оқиғаға байланысты қайғысын білдірді.

Италияның қорғаныс ведомствосы болған оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. EUFOR апатқа қатысты жан-жақты тергеу басталғанын мәлімдеді. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат жарияланбақ.

Айта кетейік, EUFOR миссиясы Босния және Герцеговинада 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – 1995 жылы Босниядағы соғысты аяқтаған Дейтон бейбіт келісімінің орындалуын бақылау. Миссия құрамында 1 000-нан 1 500-ге дейін әскери қызметші бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу