"Итеріп жіберген": Сырғанақтан құлап, басынан соққы алған қыз бала ауруханаға түсті

730

Қыз бала ауруханада ем қабылдап жатыр. 

"Итеріп жіберген": Сырғанақтан құлап, басынан соққы алған қыз бала ауруханаға түсті Фото: vietnam.vn

Вьетнамда тұрғын үй кешеніндегі ойын алаңында кішкентай қыз баланы ұл бала итеріп жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап. 

Оқыс жағдай 7 маусым күні болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Бір бала кішкентай қызды шамамен 1,5 метр биіктіктегі сырғанақтан итеріп жіберген. 

"Тексеру қорытындысы бойынша баламның көз ұясы сынғаны және басында гематома бар екені анықталды. Ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында", – деді қыздың әкесі Нгок Ань.

Оның айтуынша, қызын итеріп жіберген балаға аутизм диагнозы қойылған.  Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ол тағы 2-3 күн ауруханада дәрігерлердің бақылауында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу