IWF Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңіне өзгеріс енгізеді

546

Коронавирус індетіне байланысты наурыз-сәуір айларында бес құрлықтық біріншілік пен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпей қалды. 

IWF Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңіне өзгеріс енгізеді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты ірі алты чемпионаттың өтпей қалуына орай Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Olympic.kz халықаралық ұйымға сілтеме жасап.

Жарыстарды 30 сәуірден кейін уақытын ауыстыру қарастырылмайды. IWF атқарушы кеңесі Лозаннада аталған спорт түрінен федерация президенті қызметін атқарушы Уруслы Папандреаның жетекшілігімен өткен екікүндік видеобайланыспен өткізілген отырыста осындай шешім қабылданды. Іріктеу кезеңдеріне енгізілген өзгеріс Халықаралық Олимпиада комитетіне мақұлдауға жіберілді. Мақұлданған жағдайда іріктеу кезеңі туралы толығырақ хабарланатын болады. 

2018 жылдың 1 қарашасында жаңа іріктеу кезеңі басталғанда спортшылар ең кем дегенде алты айлық кезеңде алты жарысқа қатысуға тиіс болатын. Атап айтқанда, 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың сәуіріне дейін, 2019 жылдың сәуірінен қазанына дейін, 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың суәріне дейінгі кезеңдерге бөлінді. Сондай-ақ, спортшылар әлем чемпионаты мен құрлықтық біріншіліктерге де қатысу керек. Бірақ, коронавирус індетіне байланысты наурыз-сәуір айларында бес құрлықтық біріншілік пен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтпей қалды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу