Іздеуде жүрген борышкер 9 млн теңге алимент қарызын толық өтеді

379

Прокуратура мен сот орындаушыларының бірлескен жұмысы нәтижесінде борышкердің орналасқан жері анықталып, қарыз толық өндірілді.  

Іздеуде жүрген борышкер 9 млн теңге алимент қарызын толық өтеді Фото: elle.com.kz

Павлодар облысында іздестіруге жарияланған және "ТОП-100 іздеудегі борышкерлер" тізіміне енгізілген азаматтарды анықтау мақсатында ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда тізімдегі алты борышкердің бесеуінің орналасқан жері анықталды. Олардың төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір борышкер алимент бойынша берешегін толық өтеген.

Мәселен, 2023 жылдың желтоқсанында 9 млн теңге көлемінде алимент өндіру туралы атқарушылық іс қозғалған борышкер сот орындаушыларының іздеу шараларынан кейін анықталды. Ол биылғы қаңтарда іздеуге жарияланған болатын.

Прокуратура мен сот орындаушыларының бірлескен жұмысы нәтижесінде борышкердің орналасқан жері анықталып, 9 млн теңге көлеміндегі қарыз толық өтелді.

Алимент бойынша берешекті өндіру жөніндегі қабылданған шаралардың нәтижесінде бірқатар борышкерлер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта алимент берешегін өндіру және борышкерлерді анықтау жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу