Израиль: Атысты тоқтату туралы мәселе талқыланбайды

Қарсы тарап әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

Израиль: Атысты тоқтату туралы мәселе талқыланбайды Фото: AP

Израиль қорғаныс күштері Газа қаласын қоршауға алып, ХАМАС қозғалысына қарсы әскери операцияны бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Израиль қорғаныс күштеріне сілтеме жасап. 

"Біздің күштер кез келген жерде, жақын маңдағы террористерге де тойтарыс береді. Атысты тоқтату туралы мәселе талқыланбайды. Қорғаныс күштері ХАМАСТЫ жою үшін соғыс жүргізіп жатыр", - деді Израиль қорғаныс күштері өкілі Дэниел Хагари. 

Хамас өкілдері Израиль әскерінің Газа қаласына кіруі туралы ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

Бір күн бұрын, 2 қарашада Израиль қорғаныс күштері Газаны толығымен қоршауға алғанын хабарлады. Ведомство қаланы ХАМАС-тың орталығы деп атады.

Олардың Газа секторындағы құрлықтық операциясы 27 қазан күні басталды. 1 қарашада Израиль армиясы Газаның солтүстігінде ХАМАС қорғаныс шебін бұзып өткенін хабарлады. 

The Times of Israel газетінің мәліметінше, операция басталғалы бері 23 израильдік сарбаз қаза тапқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу