Израиль Бучадағы оқиғаны әскери қылмыс деп атады

756

Осы күнге дейін Израиль Ресейдің Украинаға қарсы әскери әрекетіне байланысты бейтарап позицияны ұстанып келген болатын.

Израиль Бучадағы оқиғаны әскери қылмыс деп атады

Израильдің Сыртқы істер министрі Яир Лапид Бучада болған оқиғаны әскери қылмыс деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ресей әскері кетті, бірақ Киев маңындағы Буча қаласының суреттеріне бей-жай қарау мүмкін емес. Қарапайым тұрғындарға әдейі шабуыл жасау – әскери қылмыс. Сондықтан мен мұндай қылмысты айыптаймын", – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Осы күнге дейін Израиль Ресейдің Украинаға қарсы әскери әрекетіне байланысты бейтарап позицияны ұстанып келген болатын. 

Бұған дейін Украиналық БАҚ Ресей әскери күштерінің Буча қаласындағы бейбіт тұрғындарды өлтіруі туралы ақпарат таратқан болатын. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ресми Мәскеу осыған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті.

БҰҰ-ның Ирактағы жаппай қырып-жою қаруын жоюды бақылау жөніндегі экс-инспекторы Скотт Риттер Буча қаласындағы оқиға бойынша медициналық сараптама өткізуге шақырды.

Табиғат Нұрболат

Фото: unian.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу