Израиль армиясының шабуылы барысында тікұшақтардың да қолданылғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, олар 20 минут аралығында Газа қаласына 37 соққы жасаған.
Ашық мәліметтерге сай, Израиль армиясы дрондар мен тікұшақтарды қолданған, сонымен қатар, артиллериялық атыс та ашқан.
Ynet порталы шабуыл жасалған аудандардан тұрғындардың жаппай эвакуацияланып жатқанын жазады.
Еске салайық, осыған дейін Axios порталы Израиль билігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, 15 қыркүйекте Израиль армиясы Газа қаласын бақылауға алу мақсатында шабуыл бастағанын хабарлаған еді.
Кеше Газа қаласынан 300 мың адамның көшіп кетуге мәжбүр болғанын хабарладық.