Израиль Газа секторында 6 апталық келісім жасады, соңғы сөз Хамаста

561

Израиль Газа секторында 6 апталық бітімге келісті, енді шешім ХАМАС-та, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Еuronews редакциясына сілтеме жасап.

Израиль Газа секторында 6 апталық келісім жасады, соңғы сөз Хамаста Фото: Anadolu Agency

Палестинаның WAFA ақпарат агенттігі Израильдің Газа секторын атқылауы және әуе шабуылдары салдарынан оңдаған адам құрбан болғанын хабарлады.

Ал, сектордың оңтүстігіндегі Рафах қаласына жасалған шабуыл салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алған. 

Агенттік адамдардың қазасы туралы оқиға куәгерлеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Хан-Юнисті бомбалау салдарынан бірнеше палестиналық қаза тапты.

Сондай-ақ, Израиль қорғаныс күштері Газа секторының солтүстігіндегі Джебалия аймағына да бірқатар әуе шабуылын жасады.

Израильдік БАҚ атап өткендей, "ЦАХАЛ бүкіл секторда лаңкестікке қарсы рейдтер жүргізіп жатыр".

Айта кетейік, ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль операциясынан қаза тапқандардың жалпы саны 30 320-ға жетіп, 70 000-нан астам адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу