Израиль Газаға қайта шабуыл жасауда

155

Израиль әскерилері Хамасты талқандау және Газа секторында қалған кепілге алынған адамдарды босату үшін ауқымды шабуыл басталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Израиль Газаға қайта шабуыл жасауда Фото: Reuters

Израиль қорғаныс армиясының хабарлауынша, "Гидеон арбалары" операциясы аясында әскерлерге сектордың барлық стратегиялық аймақтарын басып алу міндеті жүктелген.

ХАМАС бақылауындағы азаматтық қорғаныс және денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бейсенбіден бастап Газада израильдік шабуылдардан 250-ге жуық адам қаза тапқан. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторында көптеген адамдардың аштыққа ұшырап жатқанын мәлімдеген болатын.

Израиль әскерилері бұл операцияны "Гидеон арбалары" деп атайды. Әскерилер "ХАМАС қауіпті жойып, барлық кепілге алғандарды үйге қайтармайынша" операцияны тоқтатпайтынын айтты. Олар өткен 24 сағат ішінде Газа секторы бойынша 150-ден астам террористік нысанаға соққы берген.

Израиль атысты тоқтату туралы келіссөздерді қайта бастау және қоршауды алып тастау туралы халықаралық қысымның күшеюіне қарамастан, бомбалауды күшейтті және шекара бойындағы көліктердің санын көбейтті. Бұл операцияның басталуы соғысты бейбіт жолмен шешудің барлық әрекеті бекер болғанын көрсетеді.

Times of Israel басылымының хабарлауынша, "Гедеон арбалары" операциясы Израиль қорғаныс армиясына газа аумағын басып алуға, бейбіт тұрғындарды сектордың оңтүстігіне көшіруге, ХАМАСҚА шабуыл жасауға және оның гуманитарлық көмек жеткізілімін бақылауға алуына бағытталған.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мамыр айының басында Израильдың аумақты басып алу үшін "Газаға қарқынды шабуыл" дайындап жатқанын айтқан болатын. Ал Израиль үкіметі Трамп Таяу Шығыстағы турын аяқтамайынша, операция басталмайтынына уәде берді. Трмап болса 16 мамыр күні аймақтан кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу