Израиль Газаға тағы шабуыл жасады

88

Екі қалаға шабуыл жасалған. 

Израиль Газаға тағы шабуыл жасады Фото: reuters

Израиль армиясы Газа секторының оккупацияланған аумақтарына әуе және артиллериялық соққы жасады. Тель-Авив атысты тоқтату режимін тағы бұзды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Белгілі болғандай, Газа мен Рафах қалалары шабуыл астында қалды. Бүгінгі таңда Израиль әскері анклав аумағының 50 пайыздан астамын бақылауына алған.

Былтыр 9 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп Мысырда өткен келіссөз барысында Израиль мен ХАМАС-тың Газада атысты тоқтату жөніндегі келісімнің алғашқы кезеңін мақұлдағанын айтты. Тиісті келісім Израиль үкіметінің келісімінен кейін 10 қазанда күшіне енді.

Израиль армиясы Газаға қарсы бағытталған шабуылын жалғастырып келеді. Атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен бері Газа секторында 418 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу