Израиль Грета Тунберг мінген кемені Газаға бара жатқан жерінен тоқтатты

398

Кемелерде палестиналықтарды қолдайтын белсенділер, олардың ішінде Грета Тунберг те болған.  

Израиль Грета Тунберг мінген кемені Газаға бара жатқан жерінен тоқтатты Фото: nv.ua

Израильдің әскери-теңіз күштері Газа секторына бара жатқан гуманитарлық флотилияны тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

DW агенттігінің жазуынша, 1 қазан күні кешке Израиль сыртқы істер министрлігі бірнеше кеменің тоқтатылғанын мәлімдеді. Олар кемелерге зақым келмегенін хабарлады. Белгілі болғандай, белсенділер Израиль порттарына жеткізілген. 

"Грета мен оның достары аман-есен, олар қауіпсіз жерде", – делінген Израиль билігі таратқан хабарламада.

Бұл жерде палестиналықтарды қолдап жүрген швед экобелсендісі Грета Тунберг туралы сөз болып отыр.

Жалпы алғанда, бұл Израильдің теңіз арқылы гуманитарлық көмек жеткізбек болған әрекеттердің жолын кескен бірінші жағдай емес. Биылғы маусым және шілде айларында әскери флот кемелерді тоқтатып, экипаж мүшелерін ұстаған және кейін елден шығарған. Маусымда Грета Тунберг қатысқан флотилияны Израиль әскери күштері Газа жағалауынан шамамен 185 шақырым қашықтықта тоқтатқан.

Жақында тоқтатылған флотилия тамыз айының соңында Барселонадан теңізге шыққан. DPA агенттігі онда 40-тан астам катер мен желкенді қайық болғанын жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу