Израиль Иранның тағы бір генералын өлтірді

206

Израиль Құдс арнайы бөлімшесінің негізгі командирлерінің бірі Саид Изадиді өлтіргенін мәлімледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Израиль Иранның тағы бір генералын өлтірді Фото: apa.az

Reuters агенттігінің мәліметінше, соққы Иранның Қом қаласындағы тұрғын үйге жасалған. Бұл шабуылдар Тегеран мен Тель-Авив арасындағы кезекті қақтығыстар кезінде болыпты. Саид Изади — Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының сыртқы операцияларына жауапты “Құдс” күштерінің Палестина корпусын басқарған еді.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, генерал Изади ХАМАС ұйымын 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылға дейін қаржыландырып, қаруландырған. Бұл шабуыл кейінірек Газа секторында ауқымды соғыстың басталуына себеп болған. Кац бұл операцияны Израильдің әскери барлауы мен ӘӘК-нің “маңызды жетістігі” деп атады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу