Израиль Қатардан кешірім сұрады

Мұның 9 қыркүйек күні Дохада жасалған әуе шабуылына тікелей қатысы бар.  

Израиль Қатардан кешірім сұрады Фото: Reuters

Израиль премьер-министрі сол соққыдан қаза тапқан Қатар қауіпсіздік офицерінің отбасына өтемақы төлеуге де дайын отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Биньямин Нетаньяху Қатар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Таниден ресми кешірім сұраған. Ол оған 29 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу сәтінде телефон соққан.

Әңгімелесу Ақ үй басшысының қатысуымен әрі өтінішімен өткені жайлы деректер бар. Нетаньяху "Израиль болашақта мұндай шабуылдар жасамайды" деп сенімді айтты, уәде де берді. 

Өз кезегінде Қатар премьер-министрі кешірімді қабыл алып, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әркез дайын екенін жеткізген. 

Ал Трамп Израиль-Қатар арасындағы жылдар бойы жалғасқан өзара наразылықтар мен түсініспеушіліктерді түзеп, жақсы қарым-қатынас орнатқысы келеді. 

– Дональд Трамп қос көшбасшының бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесі үшін тығыз ынтымақтастыққа қадам жасағанын жоғары бағалады, – деп хабарлады Ақ үй.

Бұған дейін Трамп пен Нетаньяху Газа секторындағы соғыс тоқтатуға келісімге келгенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу