Израиль Ливанға әуе шабуылын жасады

92

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі ХАМАС ұйымының оқу-жаттығу лагеріне соққы берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Израиль Ливанға әуе шабуылын жасады  Фото: © AP Photo / Ohad Zwigenberg

– Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Айн-эль-Хильва ауданындағы (палестиналық босқындар лагері) ХАМАС ұйымының жаттығу лагерінде жұмыс істейтін радикалдарға соққы берді, – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі шабуылға дейін бейбіт тұрғындарға келтірілетін залалды барынша азайту шараларын қабылданғанын, оның ішінде дәл басқарылатын оқ-дәрілерді қолдану, әуеден бақылау және қосымша барлау мәліметтері жиналғанын атап өтті.

– Израиль қорғаныс күштері Ливандағы ХАМАС жасақтарына қарсы әрекетін жалғастыра береді, – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу