Бүгін Израиль мемлекеті ЭКСПО көрмесі алаңында орналасқан ұлттық павильонын ресми түрде ашты. Ресми Тель-Авив "Энергия елі" және "Жасампаздық энергиясы" деген тақырыбында өз өнімдерін көпшілік назарына LED экран арқылы ұсынды. Сол арқылы елдің энергетика саласы бойынша жеткен жетістігін білуге болады. Бір сәтте 100 адамға қызмет көрсететін нысанның іші түрлі түске құбылатын шамдармен және айналармен жабдықталған. Айта кетейік, Израиль "жасыл" экономикаға негізделген жобаларымен жаһан жұртышылығына етене таныс. Мемлекетте күн, жел және биомассалық энергетикада бірегей шешімдерді әзірлейтін 200-ге жуық жоғары технологиялық компания жұмыс істейді.
"Израильдың табиғаты қазба байлықтарға бай емес. Алайда баға жетпес инвестицияға қол жеткізіп жатқан адамдық ресурсқа ие. Біздің барлық жетістігіміз Израильдің адамдарымен және олардың бір дүниені ойлап табудағы жобаларымен жүзеге асуда. Бізде судың өз қымбат", - дейді Израиль павильонының бас комиссары Элазар Коэн.