Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс. Осы сәтте не белгілі?

577

Американың оқ-дәрілері тиелген алғашқы ұшақ Израильдің оңтүстігіндегі Неватим әуе базасына келіп қонды.

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс. Осы сәтте не белгілі? Фото: EPA/Vostock-photo

Израильдің жауап соққылары нәтижесінде Газа секторында қаза тапқандар саны 1055-ке жетіп, тағы 5184 адам жарақат алды. Бұл туралы Хамас бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ал, Израиль әскерилерінің мәліметінше, ХАМАС-тың шабуылынан қаза тапқандар саны 1200-ден жоғары, оған қоса 2800 адам жарақат алған.

Сондай-ақ содырлар Израилдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласын зымыранмен атқылаған, салдарынан 12 адам ауруханаға жеткізіліпті. 

Сондай-ақ "Хезболла" содырлары Израилдің территориясына Ливан жақтан зымыранмен соққы жасаған. Израиль қорғаныс күштері әуе шабуылдары мен артиллериялық оқпен жауап берген.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен ЕО Палестина халқына гуманитарлық қолдау көрсетуден толығымен бас тартпайды, бірақ блок қаржылық көмегін қайта қарауы керек дегенді айтты.

Сонымен қатар Американың оқ-дәрілер тиелген алғашқы ұшағы Израильдің оңтүстігіндегі Неватим әуе базасына келіп қонды.

Газа секторындағы жалғыз электр стансасы отын тапшылығына байланысты жұмысын тоқтатты, деп хабарлады анклавтың энергетика басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу