Израиль мен ХАМАС бітімге келуге құлықты ма?

284

Тараптар арасындағы соғыс 22 айға созылды. 

Израиль мен ХАМАС бітімге келуге құлықты ма? Фото: rbc.ua

Қатарда Газа секторында бітімге келу бойынша келіссөздер қайта жалғасын таппақ. Израиль ХАМАС-пен тікелей емес кездесулер арқылы атысты тоқтату және тұтқындарды босату жөніндегі соңғы ұсыныстарды талқылайды. Бұл келіссөздер Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс әсерінен баяулаған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху дүйсенбі күні Дональд Трамппен кездеседі. Бұған дейін Ақ үй басшысы Израильдің Газада атысты екі айға тоқтату үшін қажетті шарттарға келіскенін айтқан болатын.

ХАМАС өз талаптарын ұсынғанымен, Израиль тарапы оларды "қабылдауға болмайды" деп кесіп айтты. Сарапшылар ХАМАС-тың бұл ұсыныстары Трампқа бағытталған болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

"ХАМАС-тың Қатарда енгізгісі келетін өзгерістері туралы хабардармыз. Олар Израиль үшін қолайсыз. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху тікелей емес келіссөздерге қатысуға бұйрық берді. Сондай-ақ Қатар ұсынысы негізінде Израиль тұтқындарды қайтару бойынша жұмысты жалғастырады", – делінген Нетаньяху канцеляриясының мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу