Израиль мен ХАМАС-қа бітімге келу туралы жаңа ұсыныс жасалды

290

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. 

Израиль мен ХАМАС-қа бітімге келу туралы жаңа ұсыныс жасалды Фото: Axios

Қатар, Мысыр және АҚШ Израиль мен ХАМАС-қа Газа секторындағы атысты тоқтату және тұтқындарды босату жөнінде жаңа бітім жоспарын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы Axios дереккөздерге сілтеме жасап жазды. Келіссөздерге араағайындық еткен елдер Израильдің жаңа ұсыныстары жақын арада бітімге қол жеткізуге жол ашуы мүмкін деп санайды. Соңғы он күнде Израиль мен ХАМАС Дохада өткен кеңесулер барысында кейбір түйткілді мәселелерді шешті.

Шілде айының басында АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрімен Газа аймағында 60 күндік уақытша бітім туралы келісімге келгенін айтқан еді. Оның сөзінше, ХАМАС бітімге келуге, соның ішінде Иерусалимге байланысты талаптарды орындамаса, олардың жағдайы күрт нашарлауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу