Израиль Палестинаның егеменді ел болуына жол бермейді – Биньямин Нетаньяху

286

Тель-Авив осы мәселедегі ұстанымын жария етті. 

Израиль Палестинаның егеменді ел болуына жол бермейді – Биньямин Нетаньяху Фото: Риа Новости

Израиль Палестинаға толыққанды егеменді мемлекет мәртебесін беруге келіспейді. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Палестиналықтар өзін-өзі басқару құқығына ие болуы тиіс, бірақ бізге қауіп төндірмеуі керек деп ойлаймын. Бұл қауіпсіздікке байланысты кейбір өкілеттіктер әрдайым біздің қолымызда қалуы тиіс деген сөз", – деді премьер-министр.

Оның сөзінше, Израиль бейбіт өмір сүруі үшін қауіпсіздік пен егемендік мәселелері әрдайым өз бақылауында қалуы тиіс.

"Кейбіреулер бұл толыққанды мемлекет емес, Палестина елі емес деуі мүмкін. Бізге бәрібір", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу