Израиль соғысты неге тоқтатпай отыр?

1457

Израиль қорғаныс армиясының өкілі (ЦАХАЛ) Джонатан Конрикус ABC Australia-ға берген сұхбатында Газадағы соғысты доғару үшін изаральдік шарттарды атады.

Израиль соғысты неге тоқтатпай отыр? Фото: eadaily

Оның айтуынша, егер ХАМАС тұтқындағы израильдіктерді (212) босатып, өздігімен берілсе, онда соғыс аяқталады, деп жазады Inbusiness.kz.

Подполковник егер Хамас "өздігімен берілмесе", Газадағы жер үсті операцияның жоғары ықтималдығы туралы мәлімдеді. 

"Егер ХАМАС бейбіт израильдіктерді тұтқыннан босатып, кепілге алынғандарды - барлығы 212 адамды бізге қайтарып, өздігімен берілсе, онда соғыс аяқталады", - деп сендірді ЦАХАЛ өкілі.

Конрикус бүгінде Израиль билігіне тағылған көптеген айыптаулар Газа секторындағы нақты жағдайды білмей, байыбына бармау салдары деп мәлімдеді.

Атап айтқанда, ол Израиль билігі Газа тұрғындарын сусыз қалдырды деген айыптаулардың жиі айтылатынын айтып, шындап келгенде Газаға ауыз судың тек 10 пайызы Израильден келетінін еске салды. Қалған су қоры Газадағы жерасты резервуарларынан алынады.

"Менің ойымша, біздің азаматтарымызға зымыран атып, оларды өлтіруге тырысқан жауды азық-түлікпен қамтамасыз ету ақымақтық", - деді ЦАХАЛ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу