Израиль соққыларынан Иранда 950 адам қаза тапты

227

Тағы 5 мың адамға жуық жарақат алды.   

Израиль соққыларынан Иранда 950 адам қаза тапты Фото: STMEGI

Иранда Израильдің шабуылдары салдарынан 950 адам қаза тапты. Тағы 5 мың адамға жуық жарақат алды. Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Сионистік режимнің елімізге жасаған соңғы шабуылы салдарынан 950 отандасымыз қаза тапты. Қаза болғандардың ішінде 102 әйел мен 38 бала бар. Жараланғандардың саны – 5 мыңға жуық, олардың 70%-ы – бейбіт тұрғындар", – деді Пир Хосейн Коливанд.

Елдегі сот билігінің өкілі Асгар Джахангирд шабуыл нәтижесінде 935 адам көз жұмғанын айтқан еді.

Қызыл Жарты Ай қоғамы 377 тұрғын үй қирағанын, тағы 2 160 баспанаға зақым келгенін хабарлады.

Бұған дейін Иран үкіметі Израильдің соққылары кезінде 5 646 ирандықтың жарақат алғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу