Израиль танктері көмек күтіп тұрған палестиналықтарды атқылады

Оқиғадан 60-қа жуық адамның қаза тапқаны белгілі болды. 

Израиль танктері көмек күтіп тұрған палестиналықтарды атқылады Фото: ZUMA Press Wire via Reuters Connect

Әлемдік БАҚ олардың кемі 2 снаряд атқанын жазуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Израиль танктері гуманитарлық көмекке кезекте тұрған палестиналықтарды атқылған. Салдарынан 59 адам тіл тартпай кетсе, 221 адам жарақат алған. Олардың саны әлі де артуы ықтимал.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) аталған оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойындады, сондай-ақ тергеу басталғанын мәлімдеді.

– ЦАХАЛ-ға көпшіліктің жақындауы салдарынан оқ ату нәтижесінде бірнеше адамның жараланғаны белгілі. Оқиғаның егжей-тегжейі тексерілуде, – делінген Израиль армиясының мәлімдемесінде.

Reuters агенттігі гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктерінен жәрдем алуға ұмтылған мыңдаған адамның арасына кемінде екі снаряд атқанын хабарлайды.

Бұған дейін Иран мен Израиль бір-бірін зымыранмен толассыз әрі аяусыз атқылап жатқанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу