Бұл туралы Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Биньямин Нетаньяхудың "Діни сионизм" және "Еврей күші" партияларымен одағы Палестина мемлекеттілігін құруға қатысты радикалды ұстанымдарымен бүкіл әлемді дүрліктіріп отыр.
Онсызда жағдайы мүшкіл палестиналықтар үшін Нетаньяху Үкіметінің құрамы соңғы үміт отын өшіргендей болды. Енді еврейлердің қоныстары палестиналықтар болашақ мемлекет құруға үміттенген жерлерде кеңейеді деп хабарланды.
Палестина тарапы мұндай шешімнің аймақтағы тыныштыққа нұқсан келтіретін үлкен шиеленістерге жеткізуі мүмкін екенін ескертті.