Израильдің Газаға шабуылынан 8 мыңнан аса адам қаза тапты

283

Оның 3342-сі бала.

Израильдің Газаға шабуылынан 8 мыңнан аса адам қаза тапты Фото: RT

Газа секторында Израиль соққыларынан қаза тапқандар саны 8 мыңнан асты, сондай-ақ, 20 242 адам жараланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, қаза тапқандар арасында 3342 бала мен 2062 әйел бар,

Бұл туралы Газа денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ашраф әл-Кудра мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте Палестина эксклавының тағы 302 тұрғыны израильдік шабуылдардың құрбаны болды.

Еске салайық, 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы шабуыл жасады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елдімекендеріне кірді.

Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы "Темір қылыштар" операциясын бастағанын хабарлады.

Израиль-Палестина қақтығысы ушыға бастағалы бері 8 мыңнан астам палестиналық пен 1400 израильдік қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу