Израильдің шабуылдарынан кейін Иранда 20 бала көз жұмған

202

Иранның оңтүстік-батысындағы Шахид Чамран қаласында Израильдің соққыларының салдарынан тұрғын үй құлап, 60 тұрғын қаза тапты, оның ішінде 20 бала бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Израильдің шабуылдарынан кейін Иранда 20 бала көз жұмған Фото: rg.ru

Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, қаза тапқан 10 адамның денесі әлі де үйінді астында жатыр.

"Бұл тұрғын үйде Израильдің кеше жасаған шабуылынан 60 адам қаза тапты. Оның 20-сы балалар. Қаза тапқандардың онының денесі үйінді астында жатыр. Олардың арасында 6 айлық және 9 айлық сәбилер бар", – делінген хабарламада.

Әскери сарапшылар Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің ашық текетірес кезеңіне өтіп жатқанын мәлімдеді.

Олардың айтуынша, мұндай шабуылдар бүкіл Таяу Шығыс аймағына таралуы мүмкін.

Бұған дейін екі ел арасында зымырандық соққылар бірнеше рет тіркелген. 2020 жылдары екі жақ та бірнеше рет стратегиялық нысандарға шабуыл жасады. Бірақ қазір құрбандар саны едәуір көбірек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу