Израильдің соққыларынан 5 мыңнан аса адам зардап шекті

Қаза тапқандардың 2 мыңнан астамы балалар.

Израильдің соққыларынан 5 мыңнан аса адам зардап шекті Фото: Риа Новости

Израильдің Газа секторындағы әуе шабуылынан зардап шеккендердің саны 5 мың 87 адамға жетті, деп хабарлайды Таяу Шығыс ақпарат құралдары Палестина Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Дереккөзге сүйенсек, қаза тапқандардың 2 мыңнан астамы балалар. Сонымен қатар, 15,2 мыңнан астам адам жарақат алды. 

Бұған дейін аталған аймақта 4 мың 651 адам зардап шекті деген мәліметтер тараған.

Еске сала кетсек, 7 қазанда "Хамас" тобы Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль "Хамасқа" қарсы әскери операция бастады. 19 қазанда Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант Израиль әскерлерінің жақын арада Газа секторына кіруі мүмкін екенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу