Израильмен соғыста Хезболла Хамасқа қосылуға дайын

623

Соғыс қылмыстарының жалғасуы" қарсыласушылардың ұжымдық жауабын тудыратыны сөзсіз.

Израильмен соғыста Хезболла Хамасқа қосылуға дайын Фото: Mohammed Zaatari / AP

Ливанның "Хезболла" радикалды шиіт тобы "уақыты келгенде" Израильге қарсы соғыста ХАМАС-ты қолдауға дайын, деді ұйым жетекшісінің орынбасары Наим Кассем Бейруттің оңтүстігіндегі палестиналықтарды қолдауға арналған шеруде.

Бұған дейін Израиль-Ливан шекарасындағы шиеленісті жағдайға байланысты Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралламен кездескен болатын.

Ол Газадағы палестиналықтарға қарсы "соғыс қылмыстарының жалғасуы" қарсыласушылардың ұжымдық жауабын тудыратыны сөзсіз" деп атап өткен еді.

Көпшілік "Хезболла" содырлары бұл шиеленіске араласатын болса, Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс жаңа бағыт алуы мүмкін деп қауіптенеді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу