Йемен жағалауында қайық апатқа ұшырап, 68 адам қаза тапты

115

Қайықта барлығы 150-ден астам адам болған. 

Йемен жағалауында қайық апатқа ұшырап, 68 адам қаза тапты Фото: BBC

Йемен жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, кемінде 68 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Нашар ауа райы салдарынан қайық Абьян провинциясының оңтүстік жағалауында аударылып, суға батты", – деп хабарлады жергілікті билік. 

Йемендегі Халықаралық көші-қон ұйымының өкілі Абдусаттор Эсоевтың айтуынша, судан 68 адамның мәйіті шығарылды.

"12 адам аман қалған, ал қалғандары әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Алғашқы мәліметтер бойынша, ондаған адам қаза тапқан, олардың көбі, алдын ала болжам бойынша, Эфиопия азаматтары", – деді Абдусаттор Эсоев.

Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) бағалауынша, соңғы айларда мигранттар отырған кемелердің апатқа ұшырауы салдарынан жүздеген адам қаза тауып, немесе хабар-ошарсыз кеткен.

"Бұл жан түршігерлік оқиға – адамдардың үмітсіздігі мен осалдығын пайдаланатын ар-ұяттан ада контрабандашылар ұйымдастыратын қауіпті сапарға аттанған мигранттарды қорғау тетіктерін күшейтудің аса өзекті екенін көрсетіп отыр. Халықаралық көші-қон ұйымы мұндай қылмыстарға кінәлі адамдарды жауапқа тарту және болашақта осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге шақырады", – деп мәлімдеді ұйым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу