Йемендегі халықтың 82 пайызы шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж

573

Йемендегі халықтың 82 пайызы шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж

Йеменде әр 10 минут сайын аштықтан немесе сапасыз медициналық көмек салдарынан 5 жасқа дейінгі 1 бүлдіршін көз жұмады.

БҰҰ дерегіне сүйенсек, қазір 21 млн йемендік, яғни халықтың 82 пайызы шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж. Оның үштен бір бөлігі аштықтың ауыр зардабын тартып отыр. Елдегі қиян-кескі ұрыс халықаралық гуманитарлық көмекті жеткізуге кедергі келтіріп отыр.

Йеменде осымен үшінші жыл қатарынан азаматтық соғыс жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде 10 мыңнан астам адам қаза тапса, соның жартысы – әйелдер мен балалар. Елдегі осындай қиын жағдайды көптеген террористік ұйым пайдаланып отыр.

"Қазір жарты миллион бала аштықтан зардап шегіп отыр. Тіпті аштықтан көз жұмып жатыр. Олардың саны күн санап артып келеді. Мен тек елдегі бір ауданды айтып жатқан жоқпын, бұл жағдай Йеменнің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысы менен батысында да болып жатыр", – дейді "Босқындар ісі жөніндегі Норвегия кеңесі" үкіметтік емес ұйымының директоры Ян Эгеланн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу