Йодталған тұз экспорты 81,4%-ға артты

569

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Йодталған тұз экспорты 81,4%-ға артты Фото: google

Былтырғы қаңтар-қараша айларында елімізде 288,1 мың тонна йодталған тұз өндірілді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,9%-ға көп.

Ақпаратқа сәйкес, өндірістің өсуімен экспорт көлемі де артқан.

"Өткен жылдың 11 айында 248 мың тонна тұз экспортталса, 2021 жылы 136,7 мың тонна тұз сыртқа шығарылған. Жылдық өсім – 81,4%. Бұдан басқа сырттан 28,8 мың тонна тұз импортталды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға төмен. Өзге елден әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 9,1%", - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.

Бұдан басқа ішкі нарықта 68,9 мың тонна йодталған тұз сатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу