"JOL KZ" интернет-арнасы ашылды

1071

Аталған арнада еліміздегі автожол саласының соңғы жаңалықтары жарияланып, түйткілді мәселелері көтерілмек.  

"JOL KZ" интернет-арнасы ашылды

YouTube бейнехостингіндегі "JOL KZ" арнасының ашылуына ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК бас директоры Замир Сағынов, "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті Бағдат Телтаев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов, "Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы" ЗТБ президенті Бағлан Баймағамбетов және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

"Қазақстанда алғаш рет автожол саласына арналған интернет-арна ашылып отыр. Бұл маңызды оқиға. Біз әрқашанда диалог үшін, конструктивті ескертулер үшін ашықпыз. Себебі мемлекеттік органдар, жол компаниялары, БАҚ пен барша қазақстандықтардың бірлескен күшінің арқасында ғана жұмысты жақсартып, Мемлекет басшысы алдымызға жүктеген міндеттерді орындай аламыз. Ал "JOL KZ" арнасы аталған мақсат үшін үлкен ақпараттық алаң болмақ", - деді Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов.

Бұдан бөлек, бірыңғай ақпараттық платформа  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ қойылған міндеттерді шешу алаңына айналмақ. 
 
Осылайша, "JOL KZ" арнасында құрылыс, жол жөндеу мәселелері көтеріледі деп көзделген. Сонымен бірге, атқарылған жұмыстардың сапасы, жаңа технологиялар, жол қозғалысының қауіпсіздігі басты назарда болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу