"JOLSHY" бірыңғай дерекқоры іске қосылды

141

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"JOLSHY" бірыңғай дерекқоры іске қосылды Фото: Вузопедия

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында автожол саласы мамандарының бірыңғай дерекқоры "JOLSHY" іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік министрлігінің Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты әзірлеген жаңа цифрлық сервис кадр тапшылығын шешуге және саладағы басқару ашықтығын арттыруға бағытталған.

"Дерекқор студенттер, түлектер, инженерлер мен басшылар туралы мәліметтерді біріктіреді. Онда мамандардың білімі, еңбек өтілі және біліктілікті арттыру курстарынан өтуі туралы ақпарат сақталады. Қазіргі таңда екі мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Жұмыс берушілер үміткердің нақты кәсіби профилін көре алады, ал студенттер тәжірибеден өтіп, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады", – делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жол саласы қызметкерлері үшін біліктілікті міндетті түрде арттыру талабы енгізіледі. Бұл үдеріс те "JOLSHY" арқылы тіркеледі. Жақын арада дерекқор "e-License" және "Enbek.kz" жүйелерімен біріктірілмек.

Осылайша, "JOLSHY" мемлекеттік саясаттың тиімді құралына айналып, кадр тапшылығын жоюға, ашықтықты арттыруға және автожол саласы мамандарының кәсіби өсуіне жағдай жасайды. 

Дерекқор мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу