Jusan Bank тобы Үкіметтің және өзге мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейді

Топ активтері қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды. 

Jusan Bank тобы Үкіметтің және өзге мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейді Фото: arbat.media

Еске сала кетсек, 2021 жылы жоспарланған іс-шаралардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылды. 

"Қазақстан Үкіметі іс жүзінде топқа  бақылау жүргізбейтін еді. Алайда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды. Қажетті құжаттарға қол қойылды. Топ Қазақстан заңнамасына сәйкес, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейді", – деп хабарлады Әділет министрлігі. 

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұдан былай Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

"Банк бұдан бұрын алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады. Мемлекет басшысының сыртқа шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жалғасады", – деп хабарлады министрлік. 

Jusan Bank шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру.

Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асыруды жалғастыруда.

"Біз қазақстандықтардың қаржылық және қаржылық емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз.  Өткен жылдың табысты нәтижелері және банктің ағымдағы қаржылық жағдайы өзіне алған барлық міндеттемелерді орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді", делінген Jusan Bank хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу