К-4 және К-5 экологиялық класына сәйкес келетін дизель отыны шығарыла бастады

1126

К-4 және К-5 экологиялық класына сәйкес келетін дизель отыны шығарыла бастады

Шымкент мұнай өңдеу зауыты К-4 және К-5 экологиялық класына сәйкес келетін дизель отынын шығаруды бастады, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты ("ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС) 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Кеден одағының техникалық регламентінің талаптары бойынша К-4 және К-5 экологиялық класына сәйкес келетін дизель отынын шығаруды бастады. Бүгінгі таңда К-4 және К-5 дизель отынының тәжірибелік-өнеркәсіптік партиялары шығарылып, өнімдерге төлқұжаттар ресімделді және мемлекеттік органдарда өнімнің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі туралы декларация алынды. 

Осы жылдың шілде айынан бастап зауыт К4 және К5 экологиялық класына сәйкес келетін жоғары октанды бензиндерді шығаруда.

Осылайша, Шымкент мұнай өңдеу зауыты Қазақстан нарығын жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша өзіне алған міндеттерін толық орындап келеді.

Қазіргі уақытта зауыттың қуатын жылына 6 млн тоннаға дейін арттыруға және өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған жобаның 2-кезеңі нысандарының құрылысы аяқталып келеді. Жобаны 2018 жылғы қыркүйек айында аяқтау жоспараланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу