Қ.Шамахайұлының өлімінен соң Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады

1118

Қуандық Шамахайұлы N1 көпсалалы қалалық ауруханада жатқан. Ауруханада күмәнді дәрі ішкізгенін жазған журналист көп ұзамай көз жұмды.

Қ.Шамахайұлының өлімінен соң Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады

Ғалым, журналист Қуандық Шамахайұлы 29 маусым күні әлеуметтік желідегі парақшасында дәрігер мен мейіргер түнгі ұйқысынан оятып, бір қағазға қол қойғызып, дәрі бергенін жазады.

"... 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер COVID-19 ауруына тексеріс жасаймыз десіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім, сағат 2:00-де дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін меджгіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. "Не зат?" десем, "вирустан сақтайды" дейді. Қастандық деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əрекеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді", – деп жазды ол facebook-тегі парақшасында. 

Әлеуметтік желідегі осы жазбасынан көп уақыт өтпей Қуандық Шамахайұлы бақилық болған. 

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қуандық Шамахайұлын жедел жәрдем қызметі 23 маусым күні COVID-19 күдігімен N1 көпсалалы қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізген.

"Диагнозы – ауыр дәрежедегі анықталмаған этиологияның екі жақты полисегменталды пневмония. Диагностика мен емдеу клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады. 29 маусым күні жүрегі тоқтап қалды. Жансақтау шаралары жүргізілсе де, науқас қайтыс болды. Өлімнің себебі тергелуде, нәтижесі туыстарына хабарланады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу