Қ.Жұбанов атындағы университеттің кей факультеті жабылуы мүмкін

4960

Қ.Жұбанов атындағы университеттің кей факультеті жабылуы мүмкін

Биыл 13 мыңға жуық студентті қабылдауға қауқары бар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінде кей факультет жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Университет ректоры Бауыржан Ердембеков есеп беру мәжілісінде қажет емес мамандықтарды жабу мәселесін қозғады. Сол бойынша факультет декандары жұмыстар жүргізіп жатқанын да мәлімдеді.

"Қажет емес мамандықтардың жабылу мәселесін қарауымыз керек. Кей топтарда студенттер өте аз.
Әрбір мамандықты аккредитациядан өткізу үшін ақша төленеді. Бір мамандық 800 мың — 1 млн теңге аралығында. Егер ол жерде студент болмаса тектен-тек ақша төлеп аккредитацияны өткізе бермейміз", — деді университет ректоры.

Бауыржан Ердембековтің айтуынша, биыл мемлекеттік аккредитациядан оқу орнындағы барлық мамандықтар өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу