"Қааазақстааан!" деген бір ауыз сөзі қырғыз қызын темір тұлпарлы етті

Тосынсый иесі – қырғызстандық тележүргізуші Айзада Жамғырчиева.  

"Қааазақстааан!" деген бір ауыз сөзі қырғыз қызын темір тұлпарлы етті Фото: kursiv.media

Ол VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Тулар шеруінде Қазақстан құрамасын ерекше эмоциямен таныстырған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Автокөліктің кілтін жүргізушіге Көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров табыс еткен. 

Айзада Жамғырчиева әлеуметтік желідегі парақшасында мұндай сыйды күтпегенін айтты. 

– Мен үшін бұл жай ғана сыйлық емес. Бұл – менің Қазақстанға көрсеткен қолдауымның еленгенін, бағаланғанын және маған деген үлкен құрметтің белгісі. Осындай сәттер қырғыз пен қазақ арасындағы бауырластықтың құр сөз емес екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Екі халықтың достығы нығая берсін! Қырғыз бен қазақ – әрдайым бауыр! – деп жазды ол.

Жаза кеткен жөн, Айзада Жамғырчиеваның дауысымен Қазақстан құрамасы  Тулар шеруінде әсерлі шықты. Осы сәттің видеосы әлеуметтік желілерде көп тарап, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу