Кабул мешітіндегі лаңкестіктен қаза тапқандар саны 21-ге жетті

550

Шабуылды ешбір топ әзірге мойнына алған жоқ.

Кабул мешітіндегі лаңкестіктен қаза тапқандар саны 21-ге жетті

17 тамызда Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы мешітте болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза тапты, тағы 33-і түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Полицияның дерегінше, жарылғыш зат Хайр-хан кварталындағы Садыкие мешітінде кешкі намаз кезінде іске қосылған. Шабуылды ешбір топ әзірге мойнына алған жоқ. 

Талибан үкіметінің ресми өкілі Забиуллах Мужадхид өзінің Twitter-дегі парақшасында лаңкестік шабуыл жасағандарды айыптады. Ол кінәлілердің тиісті жазаға тартылатынын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу