Кабулда екі ай ішінде кітапханалар, кітап дүкендері мен баспалардың 95%-ы жабылды

822

Тәліптер билікке келгенге дейін ел аумағында 180 баспа үй жұмыс істеген.

Кабулда екі ай ішінде кітапханалар, кітап дүкендері мен баспалардың 95%-ы жабылды

Соңғы екі айда Ауғанстан астанасында елдегі экономикалық жағдайға байланысты кітапханалар, кітап дүкендері мен кітап басылымдарының кем дегенде 95%-ы жабылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап.

"Кабул кітапханаларының шамамен 95%-ы қаржылық қиындықтарға байланысты жабылды. Қазіргі жағдай кітап сатушылары мен баспагерлерді әбден титықтатып жіберді. Нан мен киім сатып алуға ақшасы жоқ адамдар кітап сатып алмайды ғой", – деді ауғанстандық баспагерлер қауымдастығының президенті Саид Ахмад Саид.

Кабулдағы кітап көрмелерін ұйымдастырушылардың айтуынша, сатып алушылар саны кем дегенде 90%-ға азайған, аймақтарда бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін.
Телеарнаның дерегінше, Ауғанстандағы билікті "Талибан" радикалды қозғалысы басып алғанға дейін елде 180 баспа үйі (оның 90-ы Кабулда) және 525 кітап дүкені (280-і Кабулда) жұмыс істеген.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу