Кабулда қаза болған қазақстандықтың туыстарын алдап кеткен адам ұсталды

691

Кабулда қаза болған қазақстандықтың туыстарын алдап кеткен адам ұсталды

Алматы полициясы Ауғанстанда қайтыс болған қазақстандықтың туыстарын алдап кеткен адамды ұстады деп хабарлайды Қазақпарат. 
"Алмалы АІІБ алдап кеткен адамды бірден анықтады. Бұл іс қазір Алмалы АІІБ-ның өндірісінде", – деп хабарлады Алматы қаласының ішкі істер департаменті.
Кабулда болған шабуыл салдарынан қайтыс болған Ерлан Жампейісовтың туыстары Қазақстанда алаяқтардың алдауына түсіп қалған еді. Туыстарының айтуынша, Ауғанстаннан мәйітті жеткізуге көмектесеміз деген адамдар 500 мың теңгені алып, қашып кеткен. 
Еске салар болсақ, Астана тұрғыны Ерлан Жампейісов 20 қаңтар күні Кабулдағы "Интерконтиненталь" қонақүйінде содырлар шабуылынан қайтыс болған еді. Ол Ауғанстанда жұмыс сапарымен жүрген. Қаза болған адамның денесі Қазақстанға ІІМ-нің есебінен әкелінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу