Кабулда теракт салдарынан 12 адам қаза тапты

990

Кабулда теракт салдарынан 12 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулдың батыс бөлігінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Теракті салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 10-ы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Ауғанстан үкіметі басшысының орынбасары Мохаммад Мохакиктің (Mohammad Mohaqiq) үйіне жақын жерде, шейіттер көп қоныстанған ауданда болған. Полиция лаңкестің не себепті шабуыл жасағанын полиция нақты айта алмай отыр. Әзірге бірде-бір ұйым болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Айта кетейік, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 1662 бейбіт тұрғын террористердің құрбанына айналды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу