Ауғанстан астанасы Кабулда 21-23 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық миссиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сауда миссиясын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен "QazTrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ ұйымдастырды.
Кабулдағы сауда-экономикалық миссия 2024 жылдың қазан айында қол қойылған Жол картасын іске асыруды жалғастыру және Алматыдағы Қазақстан-ауған бизнес-форумы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту болып саналады.
Сауда-экономикалық миссиясы шеңберінде "QazTrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Ауғанстанның негізгі экономикалық институттарымен, мәселен, Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасымен (ACCI), өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану саласындағы Сауда-өнеркәсіп палатасымен (ACIM), сондай-ақ Ауғанстанның халықаралық көрме орталығымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойды.