Қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына баспана кезексіз берілетін болды

858

Қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына баспана кезексіз берілетін болды

Петропавлда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына баспана кезектен тыс берілетін болды, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір қала әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға 21-сәуір күні болған. Апаттық жағдайдағы екі қабатты ескі үйдің қасбеті опырылып құлаған еді. Зардап шеккендер жоқ. Алайда 3 отбасы жалдамалы пәтерге жайғастырылды. Енді олар тиісті құжаттарын жинап, комиссияға тапсыруға тиіс.

Жалпы қала бойынша тұрғын үйлері апаттық деп танылған 200-ге жуық адам кезекте тұр.

"Бір отбасы құжатсыз тұрған. Яғни пәтердің иесі жоқ. Ал қалған екі жанұя кезекте тұр. Комиссия осы мәселелерді ескеріп, нақты шешім шығарады. Бұл сұрақ бір айда шешіледі", - дейді қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу