Қадыров президент болуға құқығы болса да, сайлауға түспейтінін айтты

474

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресейдің кез-келген азаматы сияқты президенттікке үміткер бола алатындығын, бірақ ондай мүмкіндікті пайдаланбайтынын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі "дана әрі көреген" көшбасшыдан кейін Ресейді басқару қиынға түседі.   

Қадыров президент болуға құқығы болса да, сайлауға түспейтінін айтты Фото: s0.rbk.ru

RT арнасы жүргізген тікелей эфирде шешендер көшбасшысы алдағы сайлау науқанына қатысу жайында ойын білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Неге болмасқа? Мен Ресей азаматымын, құқығым бар. Басқаларына болады, ал шешендерге болмай ма? Әрине, болады. Бірақ мен ондай мүмкіндікті ешқашан пайдаланбаймын <...>. Себебі қазіргі дана әрі көреген, мықты адамнан, талантты, адал адам көшбасшыдан кейін мемлекетті басқару кімге болсын қиынға түседі.

Сондықтан біз Алла Тағаладан Президентіміз [Владимир Путинге] мемлекетімізді ұзақ уақыт басқаруын сұраймыз және оған қол ұшын беріп, адал көмекші, жаяу әскер боламыз", — деді Қадыров журналистің тиісті сұрағына жауап бере отырып.

Конституцияға сәйкес, Ресей Федерациясының президенті болып жасы 35-тен асқан, Ресейде кемінде 25 жыл тұрақты тұратын, бұрын шет мемлекеттің азаматтығы жоқ және болмаған азамат сайлана алады.

Заң бойынша, бір адам екі реттен артық Ресей президенті бола алмайды. Алайда, 2020 жылдың шілдесінде қабылданған конституциялық түзетулерден кейін қазіргі президенттің мерзімі қайта жаңартылды. Яғни, Путин өзінің кандидатурасын 2024 жылы қайта ұсына алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу