Қай өңірлерде жастар жиі отау құрады

171

Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді. 

Қай өңірлерде жастар жиі отау құрады Фото: gov.kz

1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13. Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада – 7,34, Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70. Ең азы-Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды. Жалпы қиылған некенің 18,2% – аралас неке.

Некеге тұрған қыздардың 41% жоғары білім болған, ерлердің 38% ЖОО-да оқыған.

Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда (8453).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу