banner

Қай министрлік сапалы қызмет көрсетеді?

1152

Қызмет көрсету сапасы төмен ведомстволарға Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ақпарат және қоғамдық даму, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері енді.

Қай министрлік сапалы қызмет көрсетеді?

Сапалы қызмет көрсететін министрліктердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің қорытындысын шығарды. Мақсат – мемлекеттік қызмет сапасын, қызмет көрсетудің қолжетімділігін, қызмет сапасына қанағаттану деңгейін, әрі проблемалық мәселелерді анықтау.

Тізімнің көш басында Ұлттық экономика министрлігі (2020 жылы атқарылған қызметі бойынша) тұр: 4,87 балл (барлығы 5 балл), мемлекеттік қызмет алғандардың ведомство жұмысына қанағаттану деңгейі – 88,1%.

Үздік үштікке Қорғаныс министрлігі (4,86 балл, қанағаттану деңгейі – 88,7%), Сыртқы істер министрлігі (4,81 балл, 87,6%) енді. 

Көш соңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі: 4,48 балл, қанағаттану деңгейі – 70,6%. 

Сондай-ақ қызмет көрсету сапасы төмен ведомстволар қатарына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (4,53 балл, 72,6%), Әділет министрлігі (4,59 балл, 79,4%), Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (4,59 балл, 72,1%) енді. 

Өткен жылмен салыстырғанда ведомстволар арасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызмет көрсету сапасы төмендеген: минус 0,46 балл.

Кейін тізімде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – минус 0,35 балл, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – минус 0,16, Әділет министрлігі – 0,1 балл. 

Сондай-ақ 4 жылда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әділет министрлігінің ең төменгі орташа балы – 4,55.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу