Қай облыстардың нысаналы трансфертті игере алмағаны белгілі болды

709

Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,7%-ға, республикалық бюджеттің шығысы 99,6%-ға, жергілікті бюджеттің шығысы 98%-ға атқарылды. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қай облыстардың нысаналы трансфертті игере алмағаны белгілі болды

"Республикалық бюджет бойынша шығыс 12 трлн теңгені құрады. Атқарылмау 50 млрд теңгені болды. Оның ішінде 10 млрд теңге үнемдеу, 40 млрд теңге игермеу. Бюджет қаражатын игерілмеудің ірі мөлшері Төтенше жағдайлар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Қаржы министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген, шот-фактуралардың, орындалған жұмыс актілері дер кезінде ұсынылмаған, қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш жолданған, конкурстық рәсімдер ұзақ өткізілген", – деді министр.

Оның сөзінше, жергілікті бюджеттің шығысы 6,7 трлн теңгені құрады. 134 млрд теңге атқарылмады.

"Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге нысаналы трансферт көзделген. 1 қарашаға дейін өңірлерге 1 трлн 813 млрд теңге бөлінді. Оның 96,6%-ы игерілді. 62 млрд теңге атқарылмады. Оның ішінде үнемделгені – 6 млрд, игерілмегені – 56 млрд теңге.
Ең көп игерілмеу Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында қалыптасты", – деді Қаржы министрі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу