Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан қалаларындағы кинотеатрға бару билетінің орташа бағасы 1860 теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, ең қымбат билет Атырау қаласында – 2 683 тг. Одан кейін орында Шымкент (2637 тг) пен Түркістан (2598 тг) қалалары орналасты.
"Сондай-ақ, ең жоғары баға Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында тіркелді. Бұл өңірлерде кино билетінің орташа бағасы – 1900-2500 тг аралығында. Басқа қалаларда баға 1350-1850 тг айналасында. Ал ең арзан билет бағасы Тараз қаласында екені белгілі болды. Мұнда киносүйер қауым бір сеансқа орта есеппен 1 321 теңге жұмсайды", - делінген хабарламада.