Қай өңірлерде бос жұмыс орындар көбейген?

877

2021 жылғы шілдеде электронды еңбек  биржасында жұмыс орындар саны резюмелерден 1,7 есе өскен.

Қай өңірлерде бос жұмыс орындар көбейген?

Еліміздегі 4 өңірде: Шымкент қаласы (+10%), Түркістан (+33%), Ақмола (+20%), Атырау (+7%) облыстарында бос жұмыс орындар саны өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (ЕРДО) мәліметінше, шілдеде электронды еңбек биржасында (ЭЕБ) 81,7 мың бос жұмыс орны және 47,9 мың резюме орналастырылған. 

Маусыммен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының жалпы саны 15%-ға, ал резюмелер саны 3%-ға азайған. Сонымен қатар Түркістан, Ақмола, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында кадрға қажеттілік артқаны байқалған.

"Абсолют мәнде бос жұмыс орындарының саны біліктілігі жоқ еңбекке қатысты 6,9 мың бірлікке (23%) азайды. Шілдеде әкімшілендіру саласындағы қызметшілерді қоспағанда, тиісті топтар арасында бос жұмыс орындар саны төмендегені байқалады. Оларға сұраныс 2,9 мың бірлікке немесе 78% өсті және осы санат бойынша бос жұмыс орындар санының өсуіне негізгі үлесті Түркістан және Ақмола облыстары қосты", - деп жазылған хабарламада.

Бос жұмыс орындар саны сауалнама жүргізу жөніндегі сұхбаттасушы (+2,2 мың), хат алмасу жөніндегі көмекші (+0,9 мың) және статист (+0,6 мың) сынды мамандықтар бойынша айтарлықтай өскен.

Біліктілікті қажет етпейтін кәсіптер арасында тауарларды жинақтаушы, базардағы сатушы және буып-түюші сынды жұмысқа сұраныс артқан.

"Резюмелерге сәйкес, шілдеде кіші медициналық қызметкерлер мен мектеп оқытушылары арасында белсенділіктің артуы байқалады. Мәселен бір айа ЭЕБ-дағы фельдшерлер резюмесінің саны 421 бірлікке, мейіргерлер 237 бірлікке, бастауыш сынып, шет тілі, дене шынықтыру және спорт мұғалімдері 283, 271 және 266 бірлікке өсті. Педагогикалық қызметкерлер арасындағы белсенділікті жаңа оқу жылының жақындауымен байланыстыруға болады", - деп жазылған хабарламада.

Шілдеде күзетшілер, көлік жүргізушілері және санитарлармен қатар сауалнама жүргізу бойынша сұхбаттасушыларға (2595 бос орынға 48 резюме), хат алмасу бойынша көмекшілерге (1 резюме және 923 бос орын) және статистерге (10 резюме және 665 бос орын) тапшылық байқалды. 

Сонымен қатар электронды еңбек биржасында жүк түсіруші, қара жұмысшы, ас үй жұмысшысы мен аула сыпырушының жетіспеушілігі байқалды.

Қазақстандағы 4 өңірінде: Түркістан (+33%), Ақмола (+20%), Атырау (+7%) облыстарында және Шымкент қаласында (+10%) бос жұмыс орындар саны өскен. 

"Ақмола және Түркістан облыстарында жаңа жұмыс орындарының ең көп өсімі "әкімшілендіру саласындағы қызметшілер" санаты бойынша байқалды: 8,4 және 4,7 есе. Атырау облысы мен Шымкент қаласында бос жұмыс орындары санының ең елеулі өсімі "өндіріс операторлары" (+48% және +114%) және "басшылар" (+46% және +39%) тарапынан болды", - деп жазылған хабарламада.

Шілдеде Түркістан облысында сауалнама жүргізу жөніндегі сұхбаттасушы (1996 бос орынға 47 резюме), Ақмола облысында хат алмасуды жүргізу жөніндегі көмекшілер (0 резюме және 919 бос жұмыс орны), Атырау облысында статист (0 резюме және 622 бос жұмыс орны) сынды мамандар тапшы, ал Шымкентте қара жұмысшылар жетіспейді (152 резюме және 262 бос жұмыс орны).

"Аталған айда резюме жіберіп, жұмыс іздейтіндер Қызылорда (+49%), Түркістан (+43%) облыстарында, Шымкентте (+42%) және 6 өңірде өскен. Қызылорда облысында техник-мамандар мен басшылар, Түркістан облысында әкімшілендіру саласындағы қызметшілер мен басшылар арасында белсенділіктің өсуі байқалды, ал Шымкентте резюмелердің саны көбіне өндіріс операторына өскен", - деп жазылған хабарламада.

Шілдеде бос орындар мен жұмыс іздеушілер арасындағы алшақтық сақталған, ал орналастырылған резюмелер ЭЕБ-дағы сұраныстың тек 59% қамтыды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу