Қай өңірлерде шай қымбат?

969

Биыл ақпанда елде орташа есеппен қара шайдың 1 келісі 3 819 теңгеден сатылған.

Қай өңірлерде шай қымбат?

Қазақстанда қай өңірлерде шай қымбатқа сатылатыны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Energyprom.kz дерегінше, елде ең қымбат шай Нұр-Сұлтанда сатылады (1 келі шай – 4 108 теңге).

"Ең қымбат" қалалардың қатарына Қарағанды (1 келі – 4 093 теңге), Алматы (1 келі – 4 074 теңге) енді. Сондай-ақ Семей (1 келісі – 3 924 теңге) және Өскеменде (1 келісі – 3 843 теңге) шай қымбат.

Шайдың бағасы Түркістанда (1 келісі – 3 557 теңге), Павлодарда (1 келісі – 3 610 теңге) және Оралда (1 келісі – 3 619 теңге) төмен.

2022 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша шай бағасы бір айда 0,4%-ға және бір жылда 9,3%-ға өскен. 2020 жылғы желтоқсанға баға өсімі 10% болды, бұл 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 89,4%-ға көп. 2010 жылдың соңғы айынан 2022 жылғы қаңтарға дейін шай 2,8 есе, 2005 жылдан бастап 5 есе қымбаттаған.

Жылдық динамикада шай Батыс Қазақстан (17,1), Алматы (16,8%) және Шығыс Қазақстан (14,7%-ға) облыстарында қымбаттады.

2022 жылғы қаңтарда қазақстандық компаниялар 712 тонна қара байха шайы шығарған, өткен жылғы қаңтардағы көрсеткіш – 950 тонна. 

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда сектордағы өндіріс 11,2 мың тонна болды, өткен жылғы көрсеткіш – 13,0 мың тонна. 
Шай өндірісі Алматы қаласы мен Қарағанды облысында шоғырланған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу